Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

14 Қазан 2024, 21:41
411
Бөлісу:
Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

Синоптиктер ертең, 15 қазанда еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 15 қазанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі ықтимал.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында соққан жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді. Қонаевта солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.

15 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман болады.

Өзгелердің жаңалығы