Ресей мен Украина арасындағы жанжал жақын арада аяқталмайды. Халықаралық сарапшы Риззат Елубаев әлемдегі геосаяси өзгерістің Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін 2022 жылғы айтулы оқиғаларына шолу жасаған едік.
Әлемде жаһандық жаңа тәртіптің орнап жатыр. Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс бұл тенденцияны жеделдете түсті. Бұл шиеленістің әсерінен елімізде поляризация деңгейі ұлғайды. Геосаяси жағдайға қатысты біздің қоғамның пікірі біркелкі емес. Қазіргі таңда екі тарап Қазақстанды өз жағына көндіруді ойлап отыр. Мәселен, Ресей мен Белоруссия сарапшылары Қазақстанның сыртқы ұстанымы көпвекторлы саясатты сынға алып жүр. Яғни олар көпвекторлық - ішкі турбуленттілікті арттырады деген тезисті ұсынады. Бұл сөздері арқылы Қазақстанның екі жақтың бірін таңдауға итермелеуде, - деді саясаттанушы.
Елубаевтың пікірінше, тәуелсіздік жылдары халықтың көпвекторлы саясатқа деген сенімі пайда болған.
Біз көпвекторлы саясаттың мазмұны мен практикалық тұстарын ойластырумыз қажет. Өйткені әлемнің көптарапты әрі көптүрлі болуы бізге қолайлы тренд. Егер әлем иерархиялық тәртіпке немесе гегемондық бағытқа бет бұруы қолайсыз болмақ, - деді Риззат Елубаев.
Ол АҚШ-пен Ресей басшыларының мәлімдемелерінен кейін екі тараптың позициясы айқындалғанын атап өтті.
АҚШ бұл мәселені адамзат құндылықтарына қарсы, яғни демократиялық құқықтарға қол сұғу деп қабылдайды. Демократияны геостратегиясы ретінде қолданып отыр. Бұған жауап ретінде Ресей әлемнің альтернативті моделін жариялады. Алайда, ол қандай болады және алғышарттары қандай екені белгісіз. Ең қызығы, бұл қақтығыс ұлттық мәселеден адами құндылыққа ойысты. Мәселен, бұған дейін қақтығыстардың көбі территория, ел ішіндегі дауларға байланысты болса, бұл жолы өркениеттік қақтығысқа ұласып барады, - деді саясаттанушы.
Бұған дейін Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының директоры, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева Украина-Ресей арасындағы саяси ахуалдың одаг әрі қалай өрбитінін туралы сұхбат берген болатын.