Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери атташелермен брифинг өткізді

13 Мамыр 2022, 20:40
1801
Бөлісу:
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери атташелермен брифинг өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери атташелермен брифинг өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстанда аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпуспен орындалатын жұмыс жоспарына сәйкес Ұлттық қорғаныс университетінде әскери атташелерге арналған брифинг өтті.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасы жөнінде мәлімдеді. 

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери атташелермен брифинг өткізді

Ол биылғы 5 маусымда елімізде өтетін Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум туралы хабардар етті. 

Қазақстанның сыртқы саясаты мәселелеріне тоқталған генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов оның барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынасқа бағытталған сындарлы сипатын атап өтті. 

Еліміздің әскери доктринасы қорғанысымызға қатысты және  біз ұлттық мүдделерді қорғау мәселелерінде дипломатияға сүйенеміз, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары. 

Брифинг барысында Қарулы күштерді реформалау әскерлердің жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік дайындығын арттыруға, әскери қызметтің беделін арттыруға және әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауға, әскерлерді қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи және жоғары технологиялық үлгілерімен жарақтандыруға бағытталғаны атап өтілді.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери атташелермен брифинг өткізді

Стратегиялық даму, Халықаралық ынтымақтастық және Жауынгерлік даярлық департаменттерінің өкілдері сөйлеген сөздерінде Қазақстан Қорғаныс министрлігі қызметінің тиісті бағыттарын тілге тиек етті. 

Дипломатиялық корпус атынан Корея Республикасының өкілі қазақстандық әскери атташелер қауымдастығының дуайені полковник Сон Тэгук сөз сөйледі. 

Өзгелердің жаңалығы