Қазақстанның қай қаласында фрилансерлер көп?

14 Сәуір 2023, 17:45
1753
Бөлісу:
Қазақстанның қай қаласында фрилансерлер көп?
Фото: quasa.io

2021 жылы елімізде 1 млн-нан астам фрилансер өз қызметтерін ұсынған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлем бойынша, тіпті Қазақстанда да фрилансерлікпен айналысатындар көбейіп келеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, фрилансер - өз қызметін ұсынатын ешкімге тәуелді емес еркін қызметкер.

"Қазақстандағы еңбек нарығы" баяндамасындағы деректерге сүйенсек, 2021 жылы елімізде 1 млн-нан астам адам фрилансер болып қызмет еткен. Олардың ішінде 21,8%-ы немесе 228,3 мыңы үшін фрилансерлік қызмет негізгі табысы болған. Ал 78,2%-сі немесе 820,5 мың адам фриланс пен негізгі жұмысын қатар алып жүрген.

Қазақстанның қай қаласында фрилансерлер көп?

Осылайша 2021 жылы жалпы жалдамалы жұмысшыларды қоса алғанда фрилансерлердің үлесі 16,6 %-ды құраған. Бұл - едәуір көрсеткіш екенін айта кеткен жөн.

Өңірлерге келер болсақ, фрилансерлер көбінесе Алматы (244 мың адам) мен Астанада (133 мың адам), сондай-ақ Түркістан облысында (93 мың адам) тұрады екен. ТОП-5-тікке Шымкент (71 мың адам) пен Алматы облысы (68 мың адам) да енді.

Сонымен қатар баяндамада фрилансерлер саны жылдан жылға көбейіп келе жатқаны айтылды. Бұған бүкіл әлемді локдаунға жіберген коронавирус пандемиясының орасан зор әсері бар екенін айту керек. Бұл ретте фрилансер болу үшін, ең алдымен жоғары жылдамдықты интернеттің болуы қажет. Мобильді интернеттің маңызы арта түсті. Мәселен бекітілген интернетті қолданатын абоненттердің саны 2,9 млн болса, мобильді интернетті қолданатын абоненттер саны 17,2 млн-ды құрады. Бұл ретте бес жылда интернеті қолжетімді ұялы байланыс абоненттерінің саны 24,2 пайызға көбейді. Ал он жылда 63,9%-ға жетті.

Finprom.kz мәліметінше, Қазақстанда Фриланспен көптеген сала мамандары айналысады. Бұл категорияға дизайнер, программист, SMM мамандары, тағам өнімдерін жеткізуші, таксистер, құрылысшылар, сауда өкілдері ғана емес, экономиканың басқа салаларында істейтіндер де кіреді.

Мәселен, Қазақстанда фриланспен көбінесе білім беру саласындағылар (170 мың адам) және сауда саласындағылар (166 мың адам), сондай-ақ мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамту саласындағылар айналысады. Бұдан бөлек денсаулық сақтау саласында (58 мың адам), көлік және қоймаға жинаумен айналысатындар (48 мың адам), көпшілік тамақтану орындарындағылар (26 мың адам), өнер  саласындағылар (24 мың адам) арасында да фрилансерлер көптеп кездеседі.

Қазақстанның қай қаласында фрилансерлер көп?
Өзгелердің жаңалығы