Қазақстанның көкпар құрамасы Өзбекстандағы халықаралық турнирде бірінші орын алды

27 Наурыз 2022, 07:50
1611
Бөлісу:
Қазақстанның көкпар құрамасы Өзбекстандағы халықаралық турнирде бірінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ көкпаршылары Өзбекстанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитетінен мәлімдеді.

Өзбекстанның Сухандария облысына қарасты Термез ауданында өткен халықаралық турнирге 6 көкпар командасы қатысты. 23-24 наурыз күндері өткен дүбірлі додада ел құрамасы ерекше ойын көрсетті. Спортшыларымыз турнир жеңімпазы атанып, бас жүлдеге тігілген 200 млн сомды (8,6 млн теңге) қанжығаларына байлады, – деп жазылған комитеттің Facebook парақшасында.

Ақтық ойында Өзбекстан құрамасымен сынға түскен жерлестеріміз 6:0 есебімен алаң иелерін ойсырата ұтты. Халықаралық сайысқа Өзбекстанның өзінен 4 команда қатысты.

Өзгелердің жаңалығы