Қазақстанның халықаралық резервтері бір ай ішінде шамамен 6 млрд долларға қысқарған. Оның себебін брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, резервтердің азаюына негізгі себеп – алтын бағасының құбылмалылығы.
Қазіргі таңда Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің шамамен 80%-ы алтыннан тұрады. Ал алтын бағасы соңғы уақытта құбылып отыр. Осыған байланысты халықаралық резервтердің көлемі өзгеріп жатыр, - деді ол.
Белгілі болғандай, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда инфляция төмендеп келе жатқанын мәлімдеді. Алайда тәуекелдер әлі сақталып отыр.