Қазақстанның еңбекші жастары үндеу жасады

18 Ақпан 2022, 21:43
3288
Бөлісу:
Қазақстанның еңбекші жастары үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Өзгерісті өзіңнен баста» республикалық еңбекші жастар форумы өтті. Форум жұмысы кезінде Қазақстанның еңбекші жастары - кәсіподақ мүшелері үндеу жасады.

Қасіретті қаңтар айындағы күндері қаскөйлердің бейбіт шерулерді мен жастарымызды қалаларымыздағы тыныштықтың шырқын бұзу үшін,  ал қордаланып қалған қайшылықтар мен әділеттілікті талап еткен, өзгерісті қалаған ниетті – қақтығыстарға, тәртіпсіздікке және қиратуға итермелегенін Қазақстанның болашағына бей-жай қарай алмайтын жандардың барлығы анық көрді , - делінген жастар үндеуінде.

Еңбекші жастар қазіргідей аумалы-төкпелі әрі қиын уақытта жастарды сындарлы болуға, өз мүдделерін баррикада арқылы емес бейбіт жолмен қорғап, мәселелерді кәсіподақтарға ұйымдаса отырып немесе жастар ұйымдарымен бірлесе шешуге шақырды.

Қазақстанның еңбекші жастары үндеу жасады

Барлығымыз бірлесіп ұдайы диалог арқылы және әртүрлі жастағы барлық азаматтардың мүдделеріне құрметпен қарай отырып, заңды бұзбай, үздік оқу, адал еңбек секілді нақты істерімізбен аға ұрпақтың, халқымыздың бізге білдірген жоғары сенімі мен үмітін ақтай аламыз. Біз ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қуатты әрі гүлденген мемлекет құру жөніндегі бағытын қолдаймыз! Біз масылдыққа, енжарлыққа және еңбек етуден қашқандарға төзе алмаймыз, - делінген үндеуде.

Үндеуде айтылғандай, бүгінгі таңда халқымыз, сүйікті Отанымыз, Президент жас толқын біздерден ұлы істер жасайды деп үміт күтеді.

Қазақстанның еңбекші жастары үндеу жасады

Қазір Жаңа Қазақстанды құратын кез біздің уақытымызға тұспа-тұс келді, біз сонда тұруымыз керек. Өзгерісті өзіңнен бастағанда және айналамызда болып жатқан оқиғаларға өз жауапкершілігіңнің бар екенін түсінгенде ғана біздер қуатты, Тәуелсіз Қазақстандағы шынайы өмірді қалыптастыра аламыз! Отанға қалтқысыз қызмет етуге, кез келген сын-қатер мен қиыншылыққа қарамастан алға жылжу біздің өмірлік мақсатымызға айналсын. Бірлесе отырып өмірімізді жақсы жағына қарай өзгертелік! - деді жастар форумының қатысушылары.

Айта кетейік, республикалық еңбекші жастар форумын Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы