«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы». Мұғалім қанша сыйақы алады

17 Қазан 2023, 09:50
4636
Бөлісу:
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы». Мұғалім қанша сыйақы алады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағының иегерлері 1000 АЕК-тен алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» заңға 24-бабына сәйкес министрліктің бұйрығымен марапатталған педагогтерге 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы берілді. 
Олар:

▫️ Забида Ахмедова – Жамбыл облысы Тараз қаласы «Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» КММ мұғалімі;
▫️ Баян Базарғалиева – Ақтөбе облысы «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімі;
▫️ Зәуреш Даумова – Қостанай облысы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі;
▫️ Толқын Дуланбаева – Шығыс Қазақстан облысы «Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі;
▫️ Айгүл Ержанова – Астана қаласы «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі» КММ мұғалімі;
▫️Әсемкүл Жақсылықова – Қызылорда облысы «Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі;
▫️Сәбит Ибадуллин — Павлодар облысы «Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені» КММ мұғалімі;
▫️Светлана Исаева – Жетісу облысы Талдықорған қаласы «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі;
▫️Айжан Қапезова – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ мұғалімі;
▫️Сәбира Күлпейісова – Қарағанды ​​облысы Қарағанды ​​қаласы «А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі; 
▫️Марфуға Күнтаева – Шымкент қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы» МКК мұғалімі; 
▫️Әлия Қадирова – Маңғыстау облысы «Ақшұқыр мектеп-лицейі» КММ мұғалімі;
▫️Серік Қазиханов – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі; 
▫️Майра Мамбетова – Алматы қаласы, еңбек ардагері;
Рысжан Нұршина – Ұлытау облысы Жезқазған қаласы «№8 гимназия» КММ мұғалімі;
▫️Роза Салимова – Түркістан облысы «С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» КММ мұғалімі; 
▫️Ардақ Хайрлиева – Атырау қаласы «М.Өтемісов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ мұғалімі.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы жылдың 5 қазанында өткен педагогтердің бірінші республикалық съезінде ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын. Оған 700-ге жуық білім беру қызметкерлері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы