Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде «Қазақстанның еңбек ері» атағын алған 45 адам бар.
2008 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік наградалар туралы заңнамаға өзгеріс енгізіп, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын белгіледі.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша белгі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады. Бұл атақ Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамуына аса айрықша үлес қосқан азаматтарға беріледі.
«Қазақстанның Еңбек ері» атағы Президент Жарлығымен берілетін,
Мемлекеттік марапаттар қатарына жатады.
- Аягүл Төреқызы Миразова - №159 гимназияның директоры. Алтынсарина Алматы) (Қазақстан Республикасы Президентінің 5 желтоқсан 2008 жылғы Жарлығы)
- Геннадий Иванович Зенченко (1937-2016) — Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы «Зенченко және К» ауыл шаруашылық кәсіпорнының бас директоры (Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы Қаулы)
- Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев (1939-2015) — Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (Қазақстан Республикасы Президентінің 4 желтоқсан 2009 жылғы Қаулысы)
- Сайран Балкенұлы Буканов — Қостанай облысы «Қаркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Меңдіқара ауданы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығы)
- Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметов (1946-2013) — Шығыс Қазақстан облысының «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының президенті (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығы)
- Арғын Жүнісов (1928-2015) — еңбек ардагері, болатшы, ардагер Қарағанды металлургиялық комбинаты АҚ «АрселорМиттал Темиртау» Қарағанды облысы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2 шілде 2010 жылғы Жарлығы).
- Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1932-2013) — Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Қаулысы).
- Валентин Иванович Двуреченский (1936-2014) — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Заречное» ЖШС директоры (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қарашадағы Қаулысы).
- Әділхан Айтқазыұлы Кенжебаев — «Агрофирма Казэкспортастық» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Зеренді ауданы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қарашадағы Қаулысы).
- Руслан Жұмабекұлы Молдабеков — «Тайынша-Астық» ЖШС бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қарашадағы Қаулысы).
- Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин — «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ Бас директоры (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы Жарлығы).
- Сергей Александрович Терещенко — «Интеграция» Халықаралық қорының Басқарма Төрағасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы Жарлығы).
- Абзал Жұмашұлы Ералиев — Қызылорда облысының «Абзал және К» жалпы серіктестігінің директоры (Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы желтоқсандағы Жарлығы).
- Юрий Владимирович Пя — «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ Басқармасының төрағасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы желтоқсандағы Жарлығы).
- Иван Адамович Сауэр — «Агрофирма Родина» ЖШС бас директоры, Ақмола облысы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы желтоқсандағы Жарлығы).
- Айман Қожабекқызы Мұсақожаева — «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесінің ректоры (Қазақстан Республикасы Президентінің 05.12.2014 ж Жарлығы).
- Рышат Бабаевич Амренов — «Шығыс» көмір кенішінде механигі, «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ENRC холдингі), Екібастұз қаласы Павлодар облысы (Қазақстан Республикасы Президентінің 3 желтоқсан 2015 жылғы №124 Жарлығы).
- Мукаш Зулкарнаевич Искандиров — «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Тараз қаласы (Қазақстан Республикасы Президентінің 3 желтоқсан 2015 жылғы №124 Жарлығы).
- Борис Павлович Князев — «Алтынсарино» ЖШС директоры, Қамысты ауданы Қостанай облысы (Қазақстан Республикасы Президентінің 3 желтоқсан 2015 жылғы №124 Жарлығы).
- Олжас Омарұлы Сүлейменов — ақын, қоғам қайраткері (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 17 мамырдағы Жарлығы).
- Серік Қуандықұлы Ақшолақов — «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 5 желтоқсан 2016 жылғы №382 Жарлығы).
- Алмат Жанәбілұлы Тұрсынов — «ТПК Карасу» ЖШС бас директоры, Қостанай облысының Қарасу ауданы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №382 Жарлығы).
- Асанәлі Әшімұлы Әшімов — М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры көркемдік жетекшісі (Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № Жарлығы).
- Руслан Тұржанұлы Қуатов — «Теңізшевройл» ЖШС бөлім басшысы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы Жарлығы).
- Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров — «Жақсылық» ЖШС жетекшісі (Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы Жарлығы).
- Ахметжан Смағұлұлы Есімов — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы Жарлығы)
- Юрий Борисович Померанцев - «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» РМҚК артисі. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 678 Жарлығы)
- Бәйменова Құралай Базарбайқызы - «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 798 Жарлығы)
- Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы (1965-2020) - «Шәушен» ШҚ басшысы, Жамбыл облысы. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 798 Жарлығы)
- Соловьева Алина Робертовна – ұстаз. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 798 Жарлығы)
- Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924-2022) – жазушы. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 қазандағы № 194 Жарлығы)
- Рымбаева Роза Қуанышқызы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 207 Жарлығы)
- Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 қараша № 207 Жарлығы)
- Исаев Олег Николаевич (1967-2020) - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 шілде № 370 Жарлығы)
- Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (1960-2020) – «Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 шілде № 370 Жарлығы)
- Басин Вадим Борисович – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсан № 461 Жарлығы)
- Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсан № 461 Жарлығы)
- Әлібек Мұсаұлы Дінішев - Қазақстанның опера және камералық әншісі (тенор), музыкалық педагог-профессор. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 шілде № 634 Жарлығы)
- Әкім Ұртайұлы Әшімов– жазушы. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 желтоқсан № 711 Жарлығы)
- Мұхтар Есенжанұлы Төлетаев– «Онкология орталығы» МКК бас дәрігері. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 желтоқсан № 711 Жарлығы)
- Александр Леонидович Хмелев – «Казцинк» ЖШС бас директоры. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 желтоқсан № 711 Жарлығы)
- Жақанов Илья – жазушы. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 наурыз № 838 Жарлығы)
- Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 наурыз № 838 Жарлығы)
- Шәмші Қалдыаяқов – ҚР Әнұранының авторы, композитор. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 931 Жарлығы)
- Мұхтар Шаханов – ақын. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 933 Жарлығы)