Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенімдімін – Мемлекет басшысы

12 Мамыр 2023, 23:00
1854
Бөлісу:
Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенімдімін – Мемлекет басшысы
Фото: tengrinews.kz

12 мамырда қытай телеарнасы CCTV Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын көрсетті. Аұхбат барысында Мемлекет басшысы қазақтың тарихи тағдыры бейбітшілік екенін баса айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Өзіңіздің ел басқару философияңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз. Жалпы, Қазақстанды қай бағытта дамытқыңыз келеді?» деген журналист сауалына Президент өз ойын ашық әрі нық айтты.

Мен елімнің Еуразия құрлығында жүріп жатқан үдерістердің ортасында болғанын қалаймын. Қазақстан әлемнің осы бөлігіндегі сауда жолдары мен халықаралық қатынастарды реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Сол себепті елімді экономикасы дамыған, озық елдердің қатарына қосу үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.Қазақстан осындай сыртқы саясат ұстанса, табысқа жетеді. Бейбітшілікті жақтау, барлық елмен тиімді достық қатынаста болу біздің тарихи тағдырымызға жазылған. Ең алдымен, көршілес елдермен арадағы достығымызға баса мән береміз. Бұл ретте Қытай аса маңызды рөл атқарады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы