Қазақстанның бірнеше өңіріне қауіп төніп тұр

7 Наурыз 2023, 12:05
889
Бөлісу:
Қазақстанның бірнеше өңіріне қауіп төніп тұр
Фото: stan.kz

Қазақстан аумағының 72%-ын қар басып жатыр, 10 өңірде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ  "Қазгидромет" метеорологиялық қызметіне сілтеме жасап.

Қауіп-қатер жоғары өңірлер: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

 Қауіп-қатер орташа өңірлер: Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары. 

Қауіп-қатер төмен өңірлер: Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. 

Қазір қар жинау процесі жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы