Қазақстанның басым бөлігінде күн салқындайды

18 Мамыр 2023, 08:00
603
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде күн салқындайды
Фото: pixabay

Қазақстанның 14 облысында 18 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді, үсік жүреді деп болжанады. Астанада шығыстан 15-20 м/с, Көкшетауда таңертең және түстен кейін шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м / с.

Күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ та түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетіп, тіпті одан да асады деп болжанады. Алматыда күндіз найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с, күндіз 30 м/с және одан да көп болады деп болжанады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, кей тұста 30 м/с және одан да көп болады. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз өңірдің шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Таңертең және түстен кейін Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының орталығында жаңбыр, бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда күндіз және түнде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде түнде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжанады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады .Шымкентте найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны -3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжанады. Павлодарда күндіз шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.

Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Таразда түнде және таңертең қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді деп болжанады.

 

Өзгелердің жаңалығы