Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады

19 Тамыз 2023, 08:30
745
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады
Фото: Архив BAQ.KZ

"Қазгидромет" РМК синоптиктер, сенбі күні, 19 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болып, күн күркіреп, бұршақ жауатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстын шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында 35-38 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада жоғары өрт қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы