Қазақстанның азаматтық қоғамына алғысымды білдіремін – Рим Папасы

13 Қыркүйек 2022, 21:21
1103
Бөлісу:
Қазақстанның азаматтық қоғамына алғысымды білдіремін – Рим Папасы

Рим папасы өзінің пасторлық сөзінде еліміздің азаматтық қоғамына алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мен Қазақстанның азаматтық қоғамына ерекше алғысымды білдіремін. Себебі олар халықтың әл-ауқатын ойлайды және демократияның дамуына қолдау жасауда. Сіздердің елдеріңізде үйлесімділік бар екеніне сонымен бірге барлық халықтың мұң-мұқтажын ескерілген ел екеніне көзім жетіп отыр. Демократияландыру процесі толыққанды жүргізілуде. Парламентте және жергілікті билік органдарына тең құқық берілен, -деді Рим Папасы Франциск сөз сөйлеу рәсімінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына ризашылығын білдірген еді.

Сондай-ақ Тоқаев  Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы