Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы елшілері тағайындалды

 Ақорда 13 Қазан 2026, 11:57
13 Қазан 2026, 11:57
212
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың ақпаратында.

 

Наверх