Қазақстанның әскери делегациясы Катарда өткен халықаралық көрмеге қатысып қайтты

26 Наурыз 2022, 02:25
1661
Бөлісу:
Қазақстанның әскери делегациясы Катарда өткен халықаралық көрмеге қатысып қайтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қорғаныс ведомствосының делегациясы министрдің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен Доха қаласында өткен «DIMDEX-2022» теңіз қорғанысы халықаралық көрмесіне қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Көрме барысында генерал-лейтенант Марат Құсайынов Катар мемлекеті Қарулы күштері Бас штабының бастығы Әл-Нәбитпен, сондай-ақ Катардың «Bаrzan Holdings» Ұлттық қорғаныс-өнеркәсіп холдингінің президенті және бас директоры әл-Наймимен кездесті.

Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлық, сондай-ақ әскери спорт саласындағы әскери ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы