2026 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық соты Қазақстан азаматтарының шетелгетұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жөнінде №79-НҚ нормативтік қаулыны қабылдады.
Бас прокуратураның мәліметінше, өтінішке азаматтың шетелде тұрақты тұруына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартуға немесе оларды тоқтатуға жол беретін заңнама ережелерінің Конституцияға сәйкестігітуралы мәселе туындаған сот дауынқарау негіз болды.
Соттың пікірінше, даулы ережелер азаматтардың жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға арналған конституциялық құқықтарын іске асыруға шектеу қоюы және олардың тұрғылықты жеріне қарай құқықтар көлемінде айырмашылықтар туғызуы мүмкін.
Конституциялық сот зейнетақымен қамсыздандыру құқығына Конституция кепілдік беретінін және оның азаматтың шетелде тұруына байланысты шектелмеуге тиіс екенін атап өтті. Өзге мемлекетке тұрақты тұруға кеткен Қазақстан азаматтары азаматтығын сақтайды, ал онымен бірге конституциялық құқықтары мен кепілдіктері де сақталады, - делінген ақпаратта.
Конституциялық бақылау органы зейнетақымен қамсыздандыру, ең алдымен, азаматтың тұрғылықты жерімен емес, зейнет жасына жетуімен және заңда көзделген талаптарға байланысты екенін атап көрсетті.
Нәтижесінде Конституциялық сот заңда көзделген өзге де талаптар сақталған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау және алу құқығын іске асырукезінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру талабы азаматтарға қолданылмайды деген қорытындыға келді, - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Сондай-ақ Қазақстаннан тыс жергетұрақты тұруға кету фактісі Қазақстан Республикасының аумағында тұрақтытұру талабы міндетті болып табылатын адамдарға, атап айтқанда шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдарға қатыстығана, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, зейнетақы төлемдерін тоқтатуға негізболуы мүмкін екені түсіндірілді.
Қарау қорытындысы бойынша дауланған нормалар олардың конституциялық-құқықтық түсіндірмесінде Конституцияға сәйкесдеп танылды.
Қабылданған нормативтік қаулы азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға, әділдікті қамтамасыз етуге және Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын шектеугежол бермеуге бағытталған.
Тағы оқи отырыңыз: Болашақ зейнетақыны бүгіннен жоспарлауға бола ма?
Зейнетақы ақшасы нарықты емес, азаматтың болашағын қамтамасыз етуі керек – сарапшы