Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

4 Қыркүйек 2023, 19:51
656
Бөлісу:
Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстандықтардың орташа жасы 2023 жыл басына 32,1 жас. 2018 жылдан бастап орташа жас болмашы артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалған. Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас.

Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас,ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан.

Өзгелердің жаңалығы