Қазақстандықтардың алғашқы легі 15 маусымда қажылыққа аттанады

14 Маусым 2023, 02:12
505
Бөлісу:
Қазақстандықтардың алғашқы легі 15 маусымда қажылыққа аттанады
Фото: Архив BAQ.KZ

Қажылардың алғашқы легі 15 маусымда жолға шығады. Бұл туралы BAQ.KZ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Астана, Алматы, Түркістан, Ақтау қалаларынан ұшады.

Биыл конкурстық негізде 18 туроператорға жалпы саны 4000 қажылық орны бөлінді. Қажылардың алғашқы легі 15 маусымда қасиетті сапарға аттанады, - делінген мүфтияттың ресми сайтында.

Қазақстандық қажыларды "Flynas" (Сауд Арабия Корольдігі), "Jazeera" (Кувейт), "Turkish Airlines" (Түркия) халықаралық әуе компаниялары тасымалдайды.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан қажылық миссиясы өкілдерінің міндетін нақтылап, бес парыздың бірі саналатын қажылыққа мұқият дайындық жасауды тапсырды.

Айта кетері, биыл Қазақстаннан Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге 4 мың адам барады.

Өзгелердің жаңалығы