Қазақстандықтардың 60,3%-ында жеке жинақ жоқ – Ұлттық банк

13 Қазан 2026, 12:18
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 13 Қазан 2026, 12:18
13 Қазан 2026, 12:18
97
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстандықтардың басым бөлігінде жеке қаржылық жинақ жоқ. 2026 жылғы қыркүйекте жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың 60,3%-ы осындай жауап берген. Бұл туралы Ұлттық банктің инфляциялық күтулер жөніндегі зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, тамызда жеке жинағы жоқ екенін айтқандардың үлесі 61,4% болған. Ал жинағы бар респонденттердің үлесі қыркүйекте 27,9%-ды құрады. Тамызда бұл көрсеткіш 28,4% болған.

Зерттеу халықтың инфляцияға қатысты күтулерін де қамтыған. Соңғы 12 айда байқалған инфляция деңгейіне берілген баға қыркүйекте 9,7%-ға дейін төмендеген. Тамызда бұл көрсеткіш 9,9% болған.

Алдағы 12 айда күтілетін инфляция деңгейі де аздап төмендеген. Қыркүйекте ол 11,8%-ды құраса, тамызда 12,1% болған. Бес жылдан кейінгі инфляцияға қатысты болжам 13,7%-дан 12,7%-ға дейін азайған.

Наверх