Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады?

19 Шілде 2022, 20:54
6004
Бөлісу:
Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  30 тамыз күні Қазақстан басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Конституция күнін атап өтеді.

Биыл Конституция күні сейсенбіге келеді. Бұл күн күнтізбеде демалыс болып белгіленген.

Сонымен қатар Үкіметтің «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес демалыс күні 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстырылады.

Тиісінше, қазақстандықтар келесідей демалатын болады:

  • Бес күндік жұмыс аптасында – демалыс күнін үш күн қатарынан ауыстыруды ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
  • Алты күндік жұмыс аптасында – екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).
Өзгелердің жаңалығы