Қазақстандықтар қаңтар айында 11 күн демалады

21 Желтоқсан 2022, 17:24
1235
Бөлісу:
Қазақстандықтар қаңтар айында 11 күн демалады

2023 жылдың алғашқы демалысы жексенбіден бастап 3 қаңтарға дейін жалғасады,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандықтар 4, 5 және 6 қаңтарда жұмыс істейді. 7 қаңтарда тойланатын Рождество мерекесі сенбіге, демалыс күніне сәйкес келеді және бұл жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды. 

Айта кетейік, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 31 желтоқсан және 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар күндері демалады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар болады.

Өзгелердің жаңалығы