Қазақстандықтар қандай смартфон түрін жиі ұстайды?

19 Қыркүйек 2024, 11:45
239
Бөлісу:
Қазақстандықтар қандай смартфон түрін жиі ұстайды?
Фото: BAQ.KZ -архив

StatCounter агентігінің мәліметінше, әлемдегі ең танымал брендтердің бірі - Apple. Компанияның өнімдері әлемдік нарықтың 27,6 пайызын иеленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дегенмен Samsung-тың да үлесі жақсарып келеді. Компания Apple-ден небәрі 4 пайызға ғана төмен. Ал, үшінші орында Қытайдың Xiaomi бренді тұр. Ол әлемдік нарықтың 12 пайызын алып отыр. Кейінгі орындарда OPPO және Vivo компаниялары тұр.

Елімізде де Apple компаниясы көш бастап тұр. Нарықтың 35,6 пайызы солардың қолында. Samsung екінші орында. Олардың нарықтағы үлесі - 23,7 пайыз. Үштікке 18,9 пайыз үлесі бар Xiaomi қортындылайды.

Өзгелердің жаңалығы