Қазақстандықтар несие алудан өз еркімен бас тарта алады

6 Наурыз 2024, 12:24
285
Бөлісу:
Қазақстандықтар несие алудан өз еркімен бас тарта алады
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстандықтар алаяқтардан қорғану үшін несие алудан өз еркімен бас тарта алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ заңды таныстырғанда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат атап өткендей, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, соңғы екі жылда банктер 9,8 млрд теңгеге 8,8 мың жалған несие берген. Бұл ретте заңсыз несиелердің 82 пайызы банктердің мобильді қосымшалары арқылы рәсімделген.

Осыған орай азаматтарды алаяқтардан қорғауды күшейту үшін заң жобасына азаматтардың несие алудан өз еркімен бас тарту құқығы енгізілген. Сонымен қатар жеке тұлғалардың мұндай бас тартуы болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарына оларға несие беруге тыйым салынады, - деп түсіндірді Үнзила Шапақ.

Сөзінше, азаматтар өз еркімен бас тартқан кезеңде олардың атына кредит рәсімделген болса, кредиторлар ол берешекті есептен шығаруға міндетті болады.

Өзгелердің жаңалығы