Қазақстандықтар депозиттеріне 30 миллиард теңге аударуға өтінім берген

16 Желтоқсан 2021, 20:01
2375
Бөлісу:
Қазақстандықтар депозиттеріне 30 миллиард теңге аударуға өтінім берген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерінің есебінен депозиттерін белсенді түрде толықтырып жатыр.

Еnpf-otbasy.kz онлайн-платформасында - зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіндегі депозитке аудару мүмкіндігі пайда болған алғашқы 6 сағатың ішінде қазақстандықтар өз депозиттеріне 30 миллиард теңге аударуға өтінім берген.

Отбасы банкінің тәжірибелі салымшылары мемлекеттік сыйлықақыны күтіп, болашақта депозиттерді ең тиімді ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарна ретінде пайдалану үшін өз депозиттерін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін толықтыруға асығуда.

Бұл операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін перне бүгін сағат 10:00-де пайда болды.

Ол үшін enpf-otbasy.kz онлайн-платформасына ЭЦҚ көмегімен кіріп, «Мақсатты таңдау» пернесін басып, «Тұрғын үй сатып алу» бөлімінде «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» - деген мақсатты таңдау қажет.

Банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ, барлық өтінім онлайн қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, біржолғы зейнетақы төлемдерін алу бойынша онлайн-платформамен жұмыс істеу кезінде сізге nclayer сертификаттарын орнату қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтында орнатуға болады.

Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шара тек компьютерден ғана қолжетімді болатынын есте ұстаған жөн. Мобильді нұсқа қол жетімді болмайды.

Өзгелердің жаңалығы