Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан тұрғын үй сатып алуға қанша қаражат шешіп алды

22 Маусым 2023, 21:17
2808
Бөлісу:
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан тұрғын үй сатып алуға қанша қаражат шешіп алды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алуға және емделуге 3,5 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтарын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1 366 484 өтінішін орындады.

Отандастарымыздың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаржы аударды. БЖЗҚ емделуге жалпы сомасы 339,3 млрд теңге болатын 418 547 өтінішті орындады, - делінген БЖЗҚ таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сома шегінде шексіз рет пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы