Қазақстандықтар Астанадағы Ресей елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойды

23 Наурыз 2024, 15:25
467
Бөлісу:
Қазақстандықтар Астанадағы Ресей елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойды
Фото: РФ Астанадағы елшілігі

Қазақстандықтар Мәскеуде жүзге жуық бейбіт тұрғынның өмірін қиған терактіден кейін Ресейдің Астанадағы елшілігінің ғимаратына гүлдер мен шырақтар әкеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресейге елордалық қырғыз, беларусь, болгар, татар-башқұрт этномәдени бірлестіктерінің өкілдері көңіл айтты. "Астананың орыс қауымы", Дала өлкесінің казактар ​​одағының, Қазақстандағы орыс отандастар кеңесінің өкілдері келді.

Еске алу үшін елорда тұрғындары, студенттер мен Ресей азаматтары да келді.

Дәл осындай еске алу шарасы Алматыдағы Ресей консулдығының алдында да орын алуда.

Елшілікке Қазақстан Республикасының басшылығынан, қоғам өкілдерінен, отандастар мен мүдделі қазақстандықтардан Мәскеудегі лаңкестік әрекеттің салдарынан көптеген құрбан болғандарға байланысты көңіл айтып, көптеген қоңыраулар мен үндеулер түсіп жатыр, біз барлық достарға алғысымызды білдіреміз. Ресейге деген ынтымақ пен жанашырлық үшін алғыс айтамыз, - делінген Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігінің хабарламасында.

22 наурызда кем дегенде үш камуфляж киген адамдар Крокус Сити Холл ғимаратының бірінші қабатына басып кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды.

23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шаралар туралы кеңес өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы