Қазақстандық жеңіл атлеттер юниорлар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль алды

7 Маусым 2023, 05:20
521
Бөлісу:
Қазақстандық жеңіл атлеттер юниорлар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль алды
Фото: olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Йечхонда (Оңтүстік Корея) Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Үшінші болып Ясмина Тоқсанбаева (10000 метрге спорттық жүрістен) және Анастасия Колода (кедергілері бар 400 метр) келді. Өз кезегінде Ақбаян Нұрмамет 800 метрге жүгіруде екінші орын алды.

Азия чемпионаты бүгін, яғни, 7 маусымда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы