Қазақстандық жас ғалым тауықтың қиынан таптырмас тыңайтқыш ойлап тапты

3 Қаңтар 2024, 21:35
699
Бөлісу:
Қазақстандық жас ғалым тауықтың қиынан таптырмас тыңайтқыш ойлап тапты
Фото: pixabay.com

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті тауықтың қиынан таптырмас тыңайтқыш ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жас химик Ұлжан Қанатбек Дулати университетінің 4-ші курсында оқиды. Ол осыдан үш ай бұрын органикалық тыңайтқыш жасау технологиясын дамытуға ден қоя бастаған. Алдымен шикізатты 300 градустық муфельді пеште күйдіріп көреді. 

Оған өсімдіктерді отырғызу арқылы топырақтың физикалық қасиеттерін тексереді. Нәтижесінде тыңайтқышы топырақтың тығыздығын арттырып, бойына ылғалды жақсы сақтайтынын дәлелдейді. Химиялық қоспасыз, табиғи өнім болғандықтан оған «ЭКО тыңайтқыш» деп атау берген.

Бұл тыңайтқыштың күйдіру себебі – топырақтың құрамын дымқылдандырады және топырақтың құрамына өзінің дәрумендерін беріп тұрады, бөліп отырады. Құс шаруашылығы қалдықтарынан және мал шаруашылығы қалдықтарынан тек қана «Эко тыңайтқыштар» ғана емес, сонымен қатар белсендіріліген көміртегі де алуға болады, - дейді Ұлжан Қанатбек.

Өзгелердің жаңалығы