Қазақстандық жас ғалым ақылды балдақ ойлап тапты

20 Ақпан 2024, 09:47
1464
Бөлісу:
Қазақстандық жас ғалым ақылды балдақ ойлап тапты
Фото: Видеодан скрин

ҚазҰУ-дің студенті ақылды балдақ ойлап тауып, оны нарыққа шығармақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ерзат Мырзахан - ғылым жолына қадам басқан жас ғалымдардың бірі. Ол қарттарға арналған көп функционалды балдақ жасап шығарды. ҚазҰУ-дің 1-курс студенті бұл құрылғы қарт адамның баспалдаққа шығуын жеңілдетеді дейді. Бұл туралы ҚазҰУ-дің медиа бөлімі хабарлады.

Баспалдаққа шығатын кезде бұрандасын үлкейту-кішірейту арқылы баспалдақтың көлеміне келтіріп аламыз. Содан соң бұралғыны бұрап, баспалдаққа қысып сүйеу арқылы жоғары көтеріле алады, - дейді ғалым.

Қазақстандық жас ғалым ақылды балдақ ойлап тапты

Сондай-ақ баспалдақтың бір ерекшелігі оған GPS орнатылған. Қарт адамды балалары ұялы телефондағы қосымша арқылы қайда жүргенін біле алады. Егер қарт адам көшеде құласа, не кедергіге тап болса, ұялы телефонға хабарлама келеді.

Алдыңғы бөгет кедергілерді сезетін қызылнұр бар. Ол егер алдыда кедергі болса, дабыл береді. Құрылғы жығылып, көлденеңнен тұрғанда автоматты түрде дабыл береді. Оған қоса түнде жарықтандыратын шамдары бар, - дейді ол.

Қазақстандық жас ғалым ақылды балдақ ойлап тапты

Жас ғалымның айтуынша, балдақ арзан құрылғылардан жасалғаннан соң, нарықтағы бағасы да арзан болмақ.

Өзгелердің жаңалығы