Қазақстандық ветеринар: Бруцеллез ауруы шаруашылықтарды малсыз қалдырмақ

30 Қараша 2023, 20:20
558
Бөлісу:
Қазақстандық ветеринар: Бруцеллез ауруы шаруашылықтарды малсыз қалдырмақ
Фото: «EXPO TIME» компаниясының баспасөз орталығы

Бруцеллезден келетін зиян басқа аурулардан келетін зияннан бірнеше есе асып түседі. Мемлекет, Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасында бруцеллезге қарсы күресті өз қолына алуы керек, қазіргідей емес - әрбір шаруа қожалығына нені қолдану керек, нені қолданбау керектігін шешу өз қолына берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай пікірді «Шығыс Қазақстан облысының ветеринарлық дәрігерлері» ҚБ Төрағасы Есенгелді Бақымбаев «Jańa Dala / Vet Astana '2023» мамандандырылған көрме-конференциясы барысында айтты.

Біреуі РБ-51, басқалары – 19 штамм, ал кейбіреуі мүлдем вакцинация қолданбайды. Сондықтан, бізде малдың жаппай қабынуы, бруцеллез ауруына шалдығуы орын алып отыр. Бізде көптеген шаруа қожалықтары, фермерлер, жеке сектор малсыз қалды, - дейді маман.

Есенгелді Бақымбаевтың айтуынша, округтердегі ветеринариялық пункттерді шаруашылық жүргізуден қазыналық мемлекеттік кәсіпорындарға ауыстыру қажет. 

Оларды онсыз да мемлекет ұстап отыр, бірақ олар шаруашылық жүргізу бағытында, жалдамалы жұмыскерлер, бірақ жануарлардың қозғалысы бақыланбайды. Олардың қызметін бақылайтын инспекция аудандарда отыр және ауылдарда не болып жатқанынан бейхабар. Округтердегі ветеринарлардың өкілеттіктері жоқ, бақылау, қадағалау деген жоқ, - дейді ветеринар.

ШҚО ветеринарлар қоғамдық бірлестігі басшысының айтуынша, жағдай мамандардың еңбекақысының төмендігімен күрделене түсуде. 

Жергілікті жерлердегі ветеринарлық пункттерде отырған жұмыскерлердің жалақысы еліміздегі ең төмен жалақы. Ветсанитар 106 мың, ветеринар 150-170 мың теңге алады. Жылдың соңында оларды үш айға ақысыз демалысқа жібереді, қосымша ақы жоқ. Осыған байланысты, мамандар жетіспейді, - дейді Есенгелді Бақымбаев.

Астанада осы күндері Қазақстанның халықаралық мал шаруашылығы секторындағы жаңа алаң – «Jańa Dala / Vet Astana '2023» мамандандырылған көрме-конференциясы өтуде. 

15 елден 60 аса сарапшы қатысып отырған іс-шара бағдарламасында - Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ветеринария саласында тәжірибе алмасу және іскерлік байланыстар орнату мәселесі. 

Өзгелердің жаңалығы