Қазақстандық велоспортшы Аустралияда өтіп жатқан сайыстың жеңімпазы атанды

25 Қыркүйек 2022, 06:27
1032
Бөлісу:
Қазақстандық велоспортшы Аустралияда өтіп жатқан сайыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Евгений Федоров Воллонгонгтағы (Аустралия) тас жолында велоспорттан Әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады BAQ.KZ.

 Olympic.kz порталының мәліметінше, ол топтық жарыста үздік атанған (169.8 шақырым).

Мәреге екінші болып Матиас Вачек (Чехия) келді.

Норвегиядан келген Сорен Вереншельд үздік үштікті қорытындылады.

Өзгелердің жаңалығы