Қазақстандық университеттерде Академиялық артықшылық орталықтары құрылады – Әділет Тойбаев

30 Желтоқсан 2021, 16:26
3288
Бөлісу:
Қазақстандық университеттерде Академиялық артықшылық орталықтары құрылады – Әділет Тойбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі 20 ЖОО базасында Академиялық артықшылық орталықтары құрылады. Бұл туралы БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев хабарлады.

Министрлік өкілінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық жоба аясында университеттерде оқу және ғылыми зертханалары ашылады.  

Ұлттық жоба шеңберінде еліміздің 20 жоғары оқу орнының базасында Академиялық артықшылық орталықтарын құру жоспарлануда. Академиялық артықшылық орталықтарын 14 аймақта және Шымкент, Алматы қалаларында ашу жоспарланған. Жобаның шеңберінде оқу және ғылыми зертханаларды құру және жабдықтау арқылы өңірлік және педагогикалық жоғары оқу орындарына қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, жоба жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, университеттердің ғылыми-зерттеу экожүйесін қалыптастыруға бағытталған, – деді Әділет Жүнісұлы. 

Естеріңізге салайық, аталған жаңашылдықтар Президент тапсырған Ұлттық жобаның бесінші міндеті – қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. 

Өзгелердің жаңалығы