Қазақстандық триатлоншы Қытайдағы Азия кубогы кезеңінде қола жүлде алды

Жарыстың жеңімпазы ресейлік триатлоншы Роман Минеев болды.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 17:47
Бүгiн 2026, 17:47
99
Фото: pixabay.com

Қазақстан құрамасының триатлоншысы Арлан Жанабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы жарыс қашықтығын сәтті еңсеріп, 54 минут 43 секунд нәтижемен мәре сызығын кесіп, қола медаль жеңіп алды.

Жарыс жеңімпазы ресейлік триатлоншы Роман Минеев болды. Ол жарысты 54:31 уақыт көрсеткішімен аяқтады. Күміс жүлдені қытайлық спортшы Минсюй Ли иеленді. Оның нәтижесі – 54:34.

Сондай-ақ жарыста Қазақстанның өзге де спортшылары бақ сынады. Аян Бейсенбаев 55:17 нәтижемен 11-орын алды. Максим Шмулич 56:13 уақыт көрсеткішімен 26-сатыға жайғасты. Ал Темірлан Теміров 56:35 нәтижемен жарысты 28-орында аяқтады.

Арлан Жанабайдың қола жүлдесі Тайчжоудағы турнирде Қазақстан құрамасының ең үздік нәтижелерінің біріне айналды.

Наверх