Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

18 Шілде 2023, 13:18
654
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) және Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Уимблдонды ширек финалда аяқтаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалды. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 56-дан 60-қа сырғыса, жұптық сында Анна Данилина 24-тен 25-ке, есесіне Жібек Құламбаева 198-ден 186-ға шықты.

Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына дейін жеткенімен, 26-дан 27-ге сырғыды. Ал, Тимофей Скатов 138-ден 134-ке, Михаил Кукушкин 262-ден 223-ке, Бейбіт Жұқаев 243-тен 242-ге көтерілді. Жұптық сында Александр Недовесов 48-ден 53-ке төмендесе, Андрей Голубев 88-ден 82-ге жоғарылады.

Өзгелердің жаңалығы