Қазақстан тауарлары БАӘ нарығына шығады

Заңды Мәжіліс депутаттары ұсынды.

 BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 10:55
Бүгiн 2026, 10:55
116
Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Мәжіліс депутаттары палатаның пленарлық отырысында ЕАЭО елдері мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты реттейтін заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасының толық атауы – «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы  келісімді  ратификациялау  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

Аталған заң жобасы 2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында жасалған. Келісімнің негізгі мақсаты – ЕАЭО елдері мен БАӘ арасындағы сауда қатынастарын дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақстандық тауарларды БАӘ нарығына шығару үшін қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, – деді депутат Нұртай Сабильянов.

Бұған дейін Қазақстан ұны алғаш рет АҚШ нарығына жөнелтілген еді.

Наверх