Қазақстандық студенттер Индонезияда беделді марапатқа ие болды

15 Шілде 2023, 10:47
534
Бөлісу:
Қазақстандық студенттер Индонезияда беделді марапатқа ие болды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанның студенттік автомобиль жасаушы инженерлер командасы Индонезияда беделді марапатқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздің студенттік «SU Racing Team» командасы Shell Eco Marathon Asia-Pacific and the Middle East 2023 халықаралық студенттік инженерлік командалар біріншілігінде жоғары мәртебеге ие болды. Энергия үнемдейтін көліктер жарысына қатысуға тек университет студенттері әзірлеп, құрастырған және өздері басқаратын көліктерге ғана рұқсат етіледі,-дейді SU Racing Тeam» командасының капитаны Әлібек Ибраим.

Оның сөзінше, жарысқа Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Таяу Шығыс елдерінен 80-нен астам университет командасы қатысты. Қазақстандық студенттер 1 кВт/сағ электр батареялы энергиямен 261,1 км жол жүрген модульдік бөлшектелетін автокөлік құрастырды.

«SU Racing Team» командасының Қытай, Филиппин, Индонезиядан келген командаларға тежеу механизмін орнату, реттеу және техникалық тексеруден өтуге көмектесуінің нәтижесінде «SU Racing Team» командасы Spirit of Shell Eco-marathon Award Winner жүлдесімен марапатталды – бұл жарысқа қатысқан командалардың бір-біріне өзара көмек көрсеткені үшін берілетін награда. Қазақстаннан барған студенттердің арқасында жоғарыда аталған елдердің командалары техникалық байқаудан өтіп, жарысқа қатысуды жалғастыра алды, сөйтіп жарыс жолына шықты.

Соңғы үш күн үміт пен үрейге толы болды, әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты командалар жиналды, олар – технологияны әзірлеу, сатып алу және пайдалану үшін «космостық» қаржы жұмсаған ең күшті командалар. Аз ғана уақыт ішінде біз нағыз сенімді машина құрастыра алғанымызға және әділ қазылар көптеген қатысушылар арасынан біздің команданың жұмысына жоғары баға бергеніне мен өте қуаныштымын, – деді «SU Racing Тeam» командасының капитаны Әлібек Ибраим.

Өзгелердің жаңалығы