Қазақстандық студент Италияда қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазір марқұмның мәйітін Қазақстанға жеткізу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ СІМ марқұмның туыстарымен байланыста екенін мәлімдеді.
Италиялық L'Occhio di Salerno сайтының хабарлауынша, оқиға 17 қаңтарда болған. Қазақстандық Әсем Жарбосынды көлік қағып кеткен. Марқұм 27 жаста болған. Ол Италияның Салерно университетінде оқыған.