Қазақстандық спортшылар қоян-қолтық ұрысынан Әлем біріншілігінде жүлделі болды

8 Сәуір 2023, 14:56
1262
Бөлісу:
Қазақстандық спортшылар қоян-қолтық ұрысынан Әлем біріншілігінде жүлделі болды
Фото: Астана спорт басқармасы

6 сәуір күні Ресейдің Мәскеу қаласында жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрысынан Әлем біріншілігі бастау алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген 21 командадан 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынауда. Олардың ішінде Қазақстандық команда да бар. Әлемдік деңгейдегі ұйымдастырылып отырған бұл жарыста елордалық құрама команда үздік нәтижеге қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасында Дінмұхамед Серікқазы (16-17 жас) 60 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. Өзін өзі қорғау бөлімі бойынша әйелдер арасында Амина Шайменова да (18-37 жас) 70 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ал 38-49 жас аралығында сынға түскен Мақсат Бекмуханбетов 95 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы