Қазақстандық спортшы UFC рейтингінің үздіктер қатарына енді

23 Наурыз 2022, 23:10
1401
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы UFC рейтингінің үздіктер қатарына енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Рафаэль Физиев әлемдегі ең танымал промоушн (UFC) рейтингінде жеңіл салмақ дивизионындағы позициясын жақсартты.

Физиев жеңіл салмақ рейтингінде бір сатыға көтеріліп, оныншы орынға ие болды, - деп жазды оның менеджері Саят Абдрахманов Instagram-да.

Тоғызыншы орында ирландиялық Конор Макгрегор, ал рейтингті американдық Джастин Гэтжи бастап тұр.

Айта кету керек, Рафаэль Физиев өзінің соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізіп, жаңа зеландиялық файтер Брэд Ридделлді (10-2) жеңді.

Өзгелердің жаңалығы