Қазақстандық шаңғымен секіруші Румыниядағы Гран-приде қола жүлде иеленді

Жарыс қорытындысында Васильев 233,5 ұпай жинады.

20 Қыркүйек 2026, 22:52
АВТОР
 Спортты дамыту дирекциясы 20 Қыркүйек 2026, 22:52
20 Қыркүйек 2026, 22:52
98
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық Данил Васильев Румынияның Рышнов қаласында өтіп жатқан шаңғымен тұғырдан секіруден Гран-при кезеңінде қола жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысында Васильев 233,5 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Бірінші орынды АҚШ спортшысы Джейсон Колби 244,9 ұпаймен иеленсе, Польшаның өкілі Павел Васек 234,1 ұпаймен екінші орын алды.

Осы бағдарламада сынға түскен тағы бір қазақстандық Илья Мизерных 219,6 ұпай жинап, 15-орынға тұрақтады.

Наверх