Қазақстандық полицей қыз Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

17 Шілде 2023, 17:23
1106
Бөлісу:
Қазақстандық полицей қыз Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Фото: polisia.kz

14-17 шілде күндері Астана қаласында ересектер арасында белбеу күрестен Әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысып, бақтарын сынады. Әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады. Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасты. 

Қазақстандық полицей қыз Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Ол 5 елдің спортшыларымен күресіп, нәтижесінде финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басылымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы