Қазақстандық параатлет әлемдік Гран-приде чемпионы атанды

2 Наурыз 2023, 18:50
698
Бөлісу:
Қазақстандық параатлет  әлемдік Гран-приде чемпионы атанды
Фото: Elorda.info

Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында F-46 классында ядро лақтырудан сынға түскен қазақстандық Равиль Мансурбаев жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Ол ядроны 14,43 метрге лақтырып, бірінші орыннан көрінді. Ал қытайлық қарсыласы Уей Енлонг 14,28 м нәтижесімен екінші орынды иеленсе, 13,39 м нәтижесімен кувейттік спортшы Алсалах Абдуллах үшінші орынға тұрақтады. 

Жарыста қазақстандық спортшылар осымен 3-ші медальді иеленді. Бұдан бұрын, найза лақтырудан Руфат Хабибуллин алтын медальді жеңіп алса, ядро лақтырудан Дастан Мұқашбеков Гран-придің күміс жүлдегері атанған болатын.

Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубай қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысты.

Өзгелердің жаңалығы