Қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды

12 Желтоқсан 2022, 17:28
763
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Физика, биология және химия пәндерінен халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық оқушылар 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, қатысушылар былтырғы рекордты жаңартып, 2021 жылмен салыстырғанда құрама қоржынына 3 медаль артық әкелді.

IJSO зияткерлік жарысы 2-12 желтоқсан аралығында Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған әлемнің 60 елінен барлығы 300-ден астам оқушы қатысты. 

Жүлдегерлерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады.

Халықаралық аренада оқушылардың жеңістер легі жалғасып жатыр. Жүлдегерлерімізді жоғары жетістікпен құттықтаймын! Жаңа жеңістер тілеймін! Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ЖОО-да оқу үшін грант пен 4 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды. Мұндай олимпиадалардың тізімі тағы 7-еуімен толықтырылады, - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.

Биыл қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда 27 медаль жеңіп алып, жаңа рекорд орнатты. Сыйақының жалпы сомасы 73 млн теңгеден асты. 

Өзгелердің жаңалығы