Қазақстандық оқушы «кез келген зорлық-зомбылықтан құтқара алатын» қосымша жасады

20 Наурыз 2022, 09:41
2559
Бөлісу:
Қазақстандық оқушы «кез келген зорлық-зомбылықтан құтқара алатын» қосымша жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе НЗМ 11-сынып оқушысы Аян Қайырбек кез келген зорлық-зомбылықтан құтқара алатын UmaiAsar атты қосымша жасап шығарды.

Сіз қосымшаны Android-тан жүктей аласыз, кірген кезде үш сенімді нөмірді енгізіп, геолокацияға кіруге рұқсат беруіңіз керек. Қауіпті жағда осы деректер арқасында адам SOS хабарламасын жақын адамдарына көмек сұрап жібере алады және олар дабыл берген адамның орналасқан жерін көреді.

Қосымшаны әзірлеу барысында автор ІІМ мен ТЖМ-ге хабарласқан, ол хабарламаларды 102 немесе 112-ге тікелей жібергісі келген. Өкінішке қарай, бұл функция техникалық тұрғыдан қолжетімді емес, бірақ егер мүмкіндік туып жатса Аян оны қосуға дайын.

Қазақстандық оқушы «кез келген зорлық-зомбылықтан құтқара алатын» қосымша жасады

Мұндай ой 2020 жылы карантин кезінде пайда болды. Өйткені, отбасыларда зорлық-зомбылық жағдайлары жиілеп кетті. Мобильді қосымшаны жақсарту үшін мен деректерді сенімді көздерден жинадым: Конституция, қылмыстық, әкімшілік кодекстер. UmaiAsar қосымшасы арқылы оқиғаның басында немесе ортасында сенімді адамдарға хабарласуға көмектеседі. Тек бір түймені басып хабарласа аласың. Хабарласап, бірнеше минут хабар күтіп отырмайсың. Қауіп төнген жағдайда әр секунд маңызды, - деді оқушы.

Сондай-ақ, бағдарламада Қазақстандағы Дағдарыс орталықтары туралы ақпаратты, заңнамалық-құқықтық базаны және алғашқы медициналық және психологиялық өзіне-өзі көмек көрсету тәсілдерін табуға болады.

Наурыз қарсаңында ақтөбелік оқушы Түркістанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге барады. Іс-шараға еліміздің барлық қаласынан балалар өздерінің бірегей жобаларын көрсету үшін барады деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы