Қазақстандық ғалымдар Үндістан архивтерінде жұмыс жүргізеді

17 Қыркүйек 2022, 11:39
1168
Бөлісу:
Қазақстандық ғалымдар Үндістан архивтерінде жұмыс жүргізеді
PHOTO

2022 жылы Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Үндістанның Мәдениет министрі Меенакши Лекхи мәдени алмасу бағдарламасына қол қойған болатын,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

МСМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы келісім аясында еліміздің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Үндістанның архивтері мен кітапханаларында ғылыми жұмыс жүргізу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстандық ғалымдар Үндістан архивтерінде жұмыс жүргізеді

Үндістан архивтерінде ата-бабаларымыздың тарихына жарық түсіретін көптеген тың материалдар бар. Әсіресе қазақтардың Үндістанға көшуі және олардың осы елдің аумағына қоныстануы, қазақтардың Тибеттен Кашмирге кіруі және тағы басқа да құнды құжаттарды атап өту ләзім. Ауқымды құжат базасына қол жеткізген отандық ғалымдарды архив материалдарын жүйелеу, каталогтау, аудару сынды үлкен жұмыстар күтіп тұр, - деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.

Қазақстандық ғалымдар Үндістан архивтерінде жұмыс жүргізеді

Оның айтуынша, қазақстандық тарап Үндістан Ұлттық архивінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Үндістан мұрағаттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастау туралы қағидатты келісімдерге қол жеткізген.

Қазақстандық ғалымдар Үндістан архивтерінде жұмыс жүргізеді

Қазіргі уақытта Үндістанда іс-сапарда жүрген қазақстандық делегация архивтің реставрация, цифрландыру бөлімдерінің қызметімен танысты. Ғылыми топ тарихи құжаттарды іздеу жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстандық ғалымдар Үндістан архивтерінде жұмыс жүргізеді
Өзгелердің жаңалығы