Қазақстандық ғалымдар марапатталды

12 Сәуір 2023, 18:26
1470
Бөлісу:
Қазақстандық ғалымдар марапатталды
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада «Шабыт» шығармашылық сарайында салтанатты жиын өтіп, отандық ғылымға сіңірген еңбектері үшін бірқатар ғалым марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандық ғалымдар марапатталды

Ғалымдарды Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов марапаттады. Үздік деп танылған ғалымдар тізімі келесідей:

1. "Еңбек ардагері" төсбелгісімен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттыш университеті ғылыми орталығының директоры Нұрақов Серік Нұрақұлы

2. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен "Зоология институты" РМК бас сарапшысы Есенбекова Перизат Әбдіқайырқызы

3. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен Торайғыров университетіне қарасты Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және инновациялық технологияларының ғылыми-практикалық орталығының директоры Жұматаева Еңлік Өсербайқызы

4. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих және дінтану кафедрасының профессоры Смағұлов Ұзақбай Шәукерұлы

5. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғалым сарапшысы Жаңабаева Динара Мұхтарқызы

6. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімінің меңгерушісі Момынова Бағдан Қатайқызы

7. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімінің меңгерушісі Аминов Талғатбек Махметұлы

8. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры Іргебаев Төлеухан Іргебайұлы

9. Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-қазына" ұлттық-ғылыми практикалық орталығының терминология басқармасының басшысы Ысқақ Бақытгүл Дәулетбеқызы

10. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен «Еуразиялық интеграция институты" ЖШС директоры орынбасары Байғалиев Азамат Ерсайынұлы

11. Министрдің "Құрмет грамотасымен" "Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы" ЖШС сыртқы байланыстар және ақпарат бөлімінің басшысы Егоров Александр Борисович 

Қазақстандық ғалымдар марапатталды
Қазақстандық ғалымдар марапатталды

Еліміздің көптеген ғалымының мемлекеттік және ведомстволық марапаттары бар. Оларға жыл сайын атаулы сыйлықтар, әсіресе әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық табысталады.

Қазақстандық ғалымдар марапатталды

Былтырдан бастап гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздіктерге Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалып келеді. Бұл ережеге сәйкес 2 жылда бір рет беріледі.

Қазақстандық ғалымдар марапатталды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградалары тізіміне комиссия 158 ғалымның есімін енгізді. Олар Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылым ұйымдарының үздік өкілдері. Өзге өңірдегі ғалымдарға тиісті наградаларды жергілікті ұйымдар табыстайды.

Қазақстандық ғалымдар марапатталды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 10 сәуірдегі шешіміне сәйкес көп жылғы еңбегі мен жоғары ғылымды дамытудағы жетістіктері үшін, сондай-ақ Ғылым күнін мерекелеуге байланысты марапаттар тағайындалды.

Қазақстандық ғалымдар марапатталды
Қазақстандық ғалымдар марапатталды
Қазақстандық ғалымдар марапатталды
Қазақстандық ғалымдар марапатталды

Елордада «Шабыт» шығармашылық сарайында Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Ғылым қызметкерлері күніне» арналған салтанатты жиын өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы