Қазақстандық ғалымдар еуропалық бағдарлама бойынша зерттеу жүргізеді

5 Қыркүйек 2023, 11:51
455
Бөлісу:
Қазақстандық ғалымдар еуропалық бағдарлама бойынша зерттеу жүргізеді

Бұл туралы Назарбаев университетінде өтіп жатқан семинарда Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті төрағасы Дархан Ахмет-Заки айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада шикізатты зерттеу мен өңдеу тақырыбында семинар өтіп жатыр.

Тұрақты дамудың біз және болашақ ұрпақтың өміріндегі стратегиялық маңызы зор. Қазақстан және Еуропалық одақ арасында критикалық металдар бойынша үкіметаралық келісімнің барлығымыз үшін маңызды рөл атқарады. Horizon Europe бағдарламасы университеттер мен ғылыми орталықтарға барлау қызметін зерттеуге және әлеуетін кеңейту мен өңдеу технологиясын дамытуға мүмкіндік береді, - деді комитет басшысы.

Ол семинарға қатысушы ғалымдарды осы мүмкіндікті барынша тиімді қолдануға шақырды. Ахмет-Заки халықаралық ғылыми-технологияларды дамытуда халықаралық тәжірибе өте маңызды екенін айтты.

Технологиялық қажеттіліктерді түсіну біздің бағдарламаларды саладағы қажетті қаржылық бағдарламалармен байланыстырды. Horizon Europe бағдарламасы университеттер мен ғылыми институттарға өзара ынтымақтастық, серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Бұл серіктестік инновациялық жобаларды дамытуда, тәжірибе мен білім алмасуда негізгі фактор болмақ, - деді Ғылым комитетінің басшысы семинарда.

Өзгелердің жаңалығы