Қазақстандық депутат 2070 жылға дейін Ресейге кіре алмайды

22 Қаңтар 2024, 17:35
743
Бөлісу:
Қазақстандық депутат 2070 жылға дейін Ресейге кіре алмайды
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым бұл туралы өзінің Telegram-дағы арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

СІМ Тина Канделакиді нон-грата персонасы деп жариялады. Бұл дұрыс. Оған сөз бен эмоцияны шығындаудың қажеті жоқ. Өз-өзіңді құрметтеу керек, - деді депутат.

Айдос Сарым 2070 жылға дейін Ресей оны нон-грата персонасы деп танығанын айтты.

Мен өзім де Ресейде 2070 жылға дейін нон-грата персонасы деп танылғанмын. Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметі шекарадан өтсем 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға тап болуым мүмкін маған ескерткен. Беларусьте де солай... Бірақ ешкім ештеңе түсіндірмеді, - деп айтты Айдос Сарым.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тина Канделаки енді Қазақстанға кірмейтінін айтқан болатын. Айта кетейік, ресейлік журналист Тина Канделаки Қазақстандағы теміржол вокзалдарының атауын қазақша өзгертуге қарсы мәлімдеме жасап, басы дауға қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы