Қазақстандық боксшы қыз Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

6 Қараша 2022, 13:38
12156
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы қыз Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Жазира Орақбаева Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында медаль алады, деп хабарлайды BAQ.KZ  Olympic.kz ке сілтеме жасап.

Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің жартылай финалына өтті. Ширек финалда қазақстандық оңтүстіккореялық Ким Чевоннан басым түсті.

Осылайша, Орақбаева Азия чемпионатын кем дегенде қола медальмен аяқтайды.

Қазан айының соңынан бері Иордания астанасында Азия чемпионаты өтуде. Оған Қазақстан атынан 23 спортшы қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы